02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Ситидің жартылай қорғаушысы ахилл сіңірінен ота жасатты

Манчестер Ситидің жартылай қорғаушысы ахилл сіңірінен ота жасатты

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Матео Ковачич ахилл сіңірінен ота жасатты — хорват футболшы жарақатына байланысты Англия Кубогының финалын өткізіп алды.

Клуб өкілдері ойыншының осы жазда АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатына қатыспайтынын хабарлады.

«Матео жазды отадан кейін қалпына келтірумен өткізеді және клубтағы барлығы оған тезірек сауығып кетуін тілейді», — делінген «Манчестер Ситидің» мәлімдемесінде.