26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Сити» Родридің мұрагері үшін 120 млн еуро төлеуге дайын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Сити» Родридің мұрагері үшін 120 млн еуро төлеуге дайын

«Манчестер Сити» ұзақ мерзімде Родридің орнын басатын ойыншыны іздеуді бастады. Euro-football.ru дерегінше, клуб бұл мақсатта «ПСЖ» жартылай қорғаушысы Жоау Невешті қарастыруда және оның трансферіне 120 млн еуро жұмсауға әзір.

22 жастағы португал футболшысы Париж клубының негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол 63 матчта 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. 2025 жылғы «Алтын доп» дауыс беруінде 19-орынға ие болды.

Невеш «ПСЖ»-мен бірге Лига 1, Франция кубогы, Суперкубок және Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал Португалия құрамасы сапында Ұлттар лигасының кубогын иеленді.

«Сити» бұл қадам арқылы Родридің болашақтағы орнын сенімді ойыншымен толтыруды көздеп отыр.