03.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Сити» «Портуға» Гонсалес бойынша ұсыныс жасады

«Портуның» жартылай қорғаушысы Нико Гонсалес «Манчестер Ситидің» трансферлік мақсатына айналды, деп хабарлайды Sport+.

Ағылшындар 23 жастағы ойыншыға ресми ұсыныс жасағанымен, «айдаһарлар» қысқы трансферлік терезеде испандық ойыншымен қош айтысуды жоспарламайды.

Нико Гонсалес 2023 жылғы жазда «Барселона» клубынан «Портуға» 8,4 млн еуроға ауысты.

Еске салайық, бұған дейін «Манчестер Сити» құрамына Омар Мармуш, Абдукодир Хусанов және Витор Рейс қосылды.

Келесі кездесу «Порту» мен «Риу Аве» арасында 4 ақпанда, сағат 01:45-де өтеді. Бұл матчты Sport+ арнасында тікелей эфирде көруге болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!