04.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Манчестер Сити испандық талантты рекордтық сомаға сатып алды

Манчестер Сити испандық талантты рекордтық сомаға сатып алды

Transfermarkt мәліметі бойынша Манчестер Сити Портудан жартылай қорғаушы Нико Гонсалесті 60 миллион еуроға (50 миллион фунт) сатып алды.

Барселонада мансабын бастаған 23 жастағы испандық ойыншы «қалалықтардың» қысқы бесінші жаңа трансфері болып, 2029 жылдың ортасына дейін келісімшартқа қол қойды. Порту құрамында ол, 68 ойында 9 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

«23 жасымда мен өзімді Англияда сынап көргім келеді және Манчестер Ситиге ауысу менің мансбымдағы ерекше қадам. Манчестер Ситиде ойнау әрбір ойыншының арманы»- деді Гонсалес.

Ағылшын чемпионатының бесінші орнында тұрған қазіргі чемпиондар қысқы трансферлерге 180 миллион фунт жұмсады. Бұл 2023 жылдың қысында 274 миллион фунт жұмсаған Челсиден кейінгі әлемдегі екінші көрсеткіш.

«Мен Пеп Гвардиоланың беделін білемін және онымен жұмыс істеуді асыға күтемін, ол мені өз командасында көргісі келетіні мен үшін үлкен мәртебе» — деп қосты испандық жартылай қорғаушы.