31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Сити» ісі бойынша шешім қазан айына шегерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Сити» ісі бойынша шешім қазан айына шегерілді

Англия Премьер-лигасында қаржылық фейр-плей ережелерін бұзды деп айыпталған «Манчестер Сити» ісі бойынша түпкілікті шешім тағы да кейінге қалдырылды. The Independent хабарлауынша, вердикт қазан айында ғана шығуы мүмкін.

Клуб ісі бойынша тыңдаулар 2024 жылдың желтоқсанында аяқталған еді және шамамен 12 аптаға созылды. Процесс барысында айыптар саны 115-тен 130-ға дейін өсті. «Манчестер Сити» барлық айыптарды жоққа шығарып, Премьер-лига талаптарын заңды түрде даулауды жалғастыруда.

Бастапқыда тәуелсіз комиссия шешімді биыл көктемде шығарады деп күтілген. Ақпанда команданың бас бапкері Пеп Гвардиола да бір ай ішінде вердикт шығады деп сендірген. Алайда мерзім бірнеше рет шегерілді.

Егер айып дәлелденсе, «Сити» қатаң жазаға тартылуы мүмкін. Клубтан 100 ұпайға дейін алып тастау немесе бұрын жеңіп алған чемпиондық атақтарынан айыру қарастырылуда. Сондай-ақ АПЛ клубтарына өтемақы төлеу ықтималдығы да талқылануда.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» Премьер-лиганы сегіз рет ұтып алған, оның бесеуін Пеп Гвардиола басқарған кезеңде иеленді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!