Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Манчестер Сити» Диогу Коштаға көз тікті — Гвардиола Эдерсонның орнын басатын қақпашы іздеуде

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Mirror басылымының хабарлауынша, «Манчестер Сити» қазіргі қақпашы Эдерсонның орнына лайықты кандидат іздеуде. Клубтың назары «Порту» қақпашысы Диогу Коштаға ауып отыр.

25 жастағы португалиялық қақпашының өтемақы құны — 75 миллион еуро. Бұған дейін Коштаға «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытқан болатын.

Хосеп Гвардиола команданың қақпа сызығындағы сенімділігін сақтап қалу үшін, тәжірибелі әрі доппен жақсы жұмыс істей алатын қақпашы іздеуде. Диогу Кошта бұл талаптарға толық сәйкес келеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!