Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Сити» — «Борнмут» матчы 20 мамырға ауыстырылды

«Манчестер Сити» — «Борнмут» матчы 20 мамырға ауыстырылды

«Манчестер Сити» Премьер-лиганың кейінге шегерілген матчында «Борнмутпен» 20 мамыр күні Британия уақытымен 20:00-де, «Этихад» стадионында кездеседі. Бұл шешім «Ситидің» Англия Кубогының финалында «Кристал Пэласпен» ойнауына байланысты қабылданды — финалдан үш күн бұрын өтетін бұл матч маусым тағдыры үшін маңызды болмақ.

«Борнмутпен» кездесу — «қалалықтардың» АПЛ-дегі ағымдағы маусындағы соңғы алдындағы ойыны. Қорытынды турда команда сырт алаңда «Фулхэммен» кездеседі.

Осы матчтардан кейін «Ситиге» бір айлық үзіліс күтіп тұр. Бұл үзіліс Клубтық әлем чемпионаты алдындағы дайындыққа арналады, онда Гвардиола шәкірттері алғашқы матчында марокколық «Видадпен» кездеседі.