Оқу уақыты: 2 мин

Манчестер Сити – Борнмут: АПЛ ойынына болжам (21.05.2025)

Манчестер Сити – Борнмут: АПЛ ойынына болжам (21.05.2025)

2025 жылдың 21 мамыры күні Астана уақыты бойынша 00:00-де Англия чемпионаты аясында «Манчестер Сити» – «Борнмут» матчы өтеді. Екі команда да бұл кездесуге мотивациямен келеді. Букмекерлер алаң иелерін анық фаворит санайды. Ендеше, командалардың қазіргі формасына тоқталып, матчқа болжам жасап көрейік.

Манчестер Сити

«Қалалықтар» маусымды өздері үшін құтқаруға бар күшін салып жатыр. Команда Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін күресуде. Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда «Манчестер Сити» төртінші орында тұр, бірақ турнирлік кестенің өте тығыз болуына байланысты демалуға әлі ерте. Хосеп Гвардиола шәкірттері тіпті жетінші орынға дейін құлдырауы мүмкін, алайда екінші орынға талас та әлі жанданып тұр. Әрине, клуб үшін екінші орын — ең қолайлы нұсқа.

Бірақ атап өту керек — АПЛ-дың алдынғы турына «Манчестер Сити» Англия Кубогының финалындағы «Кристал Пэласпен» өткен матчтан кейін келіп отыр. Команда маусымдағы жалғыз трофей мүмкіндігін уысынан шығарып алып, 0:1 есебімен жеңілді.

Борнмут

«Шиегүлділер» жақсы маусым өткізуде. Команда топ-клубтармен де бәсекелесе алатынын дәлелдеді. Дегенмен, тұрақтылық жағынан мәселелер бар, әсіресе наурыз айында команда көп ұпай жоғалтты. «Борнмуттың» басты проблемаларының бірі — тең ойындардың көптігі. 36 турдың қорытындысы бойынша команда 14 рет қарсыластарымен ұпай бөлісті.

Соңғы ойында «шиегүлділер» «Астон Вилладан» 0:1 есебімен жеңілді — қарсылас матчты аз құрамда аяқтаса да, «Борнмут» жеңісті жұлып ала алмады. Соның нәтижесінде команда еурокубоктық аймақтан алыстап, чемпионат кестесінде 10-орында тұр. Дегенмен, «Борнмут» қорғанысы назар аударарлық — орталық қорғаушы Хейсеннің жазда мадридтік «Реалға» ауысатыны белгілі болды.

Статистика және жеке кездесулер

Соңғы бес жеке кездесудің статистикасы «Манчестер Сити» пайдасына. «Қалалықтар» төрт матчта жеңіске жетіп, «Борнмут» тек бір рет қана жеңіске жеткен. Ағымдағы маусымдағы алғашқы кездесу де «Ситидің» 2:1 есебімен сырт алаңдағы жеңісімен аяқталған.

Болжам

«Манчестер Сити» – «Борнмут» матчы бойынша болжамды қонақтар пайдасына жасаймыз. «Шиегүлділер» Гвардиола командасына лайықты қарсылас бола алады. Холандтың алаңда болуы да шешуші фактор болмауы мүмкін — оған қарсы Хейсен мен көлемді Забарный әрекет етеді.

«Қалалықтарда» шабуылда проблемалар бар, бұл фактор да өз ықпалын тигізуі ықтимал. Сонымен қатар, кубоктық матчтағы жеңілістен кейінгі физикалық және моральдық дайындық та сұрақ тудырады.

Осыған байланысты, «Борнмуттың» +1,5 форасына (жеңілсе де 1 доп айырмасымен) 1.63 коэффициентімен бәс тігу тиімді көрінеді.

Біздің парақшамыздағы барлық футбол матчтарының нәтижелерін бірінші болып біліңіз Тікелей нәтижелер