30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Сити Бернлиден өз тәрбиеленушісін 27 миллион фунтқа қайтарып алды

Манчестер Сити Бернлиден өз тәрбиеленушісін 27 миллион фунтқа қайтарып алды

«Манчестер Ситидің» ресми сайтының мәліметінше, клуб «Бернлиден» қақпашы Джеймс Траффордты трансферлеп алды. Тараптар бес жылдық келісімге қол қойды.

Трансфер сомасы 27 миллион фунт стерлингті құрады — «қалалықтардың» тәрбиеленушісі 2015 жылдан 2023 жылға дейін даярлық жүйесінде болған өз клубына оралды.

Өткен Чемпионшип маусымында Траффорд «Бернли» түстерін қорғады — қақпашы 45 матч өткізіп, 16 доп жіберіп алды.