22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Сити 18 жастағы швейцариялық шабуылшы Бенейді қосып алды

Манчестер Сити 18 жастағы швейцариялық шабуылшы Бенейді қосып алды

«Манчестер Ситидің» ресми сайтының хабарлауынша, ағылшын клубы швейцариялық шабуылшы Иман Бенеймен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

18 жастағы футболшы «қалалықтардың» канадалық қорғаушы Джейд Роуздан кейінгі жазғы екінші трансфері болды. Өткен маусымда Беней «БСК ЮБ Фрауэн» сапында 22 ойында 9 гол соғып, командасына 2011 жылдан бергі алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алуға көмектесті және швейцариялық Суперлиганың үздік құрамына енді.

«Мен мұнда болғаныма өте қуаныштымын және Манчестер Ситимен жаңа маусымның басталуын асыға күтемін. Тереза [Шёгран, спорт директоры] екеуміздің арамызда жақсы түсіністік орнады және Сити — менің ойыншы ретінде дамуым үшін ең жақсы таңдау деп есептеймін. Бұл клуб допты бақылауда ұстағанды ұнатады, ал маған осындай футбол ойнау ұнайды, сондықтан мұнда өз орнымды табамын», — деді Швейцария құрамасы үшін 10 ойын өткізген Беней.