27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Мән-жайды білмеймін». Черчесов өзінің жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасындағы қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Маманның сөзіне қарағанда, бұл өзі үшін де күтпеген жаңалық болған.

«Қаңтардың басында Астанада Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровпен танысып, сөйлестім. Сол кезде жұмысқа қатысты жайттарды талқылап, наурызда 2026 жылғы әлем чемпионатына басталатын іріктеу бойынша нақты жоспарымды көрсеттім.

Бүгін таңертең Мәскеуде өзім бұрыннан танитын ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжановпен кездесіп, оған да жоспарды толық айтып бердім. Ол федерация президентіне хабарласып, функционерлер дәл қазір құрамаға басқа бапкер керек деп шешіпті. Мәселенің мән-жайын білмеймін, ақпаратты заңгеріме бердім. Ол менің және көмекшілерімнің келісімшарттарын бұзу жұмыстарымен айналысып жатыр», — деді Черчесов «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында.