07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мәмбеталиев «Сибирьге» қарсы жеңіс туралы: жігіттер біз күткен хоккей көрсетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ғалым Мәмбеталиев «Барыстың» «Сибирь» командасын жеңгеннен кейін (4:1) ойын жайлы пікір білдірді. Бапкер матчта тактикалық жоспардың сәтті жүзеге асқанын атап өтті:

«Біз «Сибирьдің» тәжірибелі команда екенін білдік. Олардың көпшілік құрамдағы ойыны жақсы, сондықтан жігіттерге ескерттік — қажетсіз айып алмаған жөн, орта аймақта тығыз ойнау керек. Сондай-ақ, қарымта шабуылда сенімді болуды тапсырдық. Иә, кей қателіктер болды. Бірақ гол соққан соң ойыншылар еркін ойнай бастады. Екі голды бос қақпаға салғанымызбен, олар да маңызды болды .Ойын барысында қорғаныста сенімді әрекет еттік, қарсыласқа шабуыл жасауға мүмкіндік бермедік. Вратарға көмектесіп, қарсыластың соққы жасауына жол бермедік. Бұл жас қақпашымызға үлкен көмек болды. Бүгінгі ойын болашаққа деген оптимизм сыйлайды. Жігіттер біз күткен хоккей көрсетіп, келесі ойындарға да осы қарқынмен шығады деп үміттенемін», — деді бапкер ойыннан кейін берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Барыстың» бұл жеңісі клуб тарихындағы ҚХЛ-дағы 500-ші жеңіс болды.