Оқу уақыты: 1 мин

Мақтаулы «Астананың» жағдайы күрделеніп тұр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Мақтаулы «Астананың» жағдайы күрделеніп тұр

Бүгін елордалық «Астана» клубының ойыншылары жаттығудан бас тартты. Бұл туралы Meta-ratings хабарлайды.

Жағдайдың ушығуына ойыншылар мен бапкерлердің бірнеше ай бойы жалақы алмауы себеп болған. Клуб ішіндегі қаржылық қиындықтар ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді.

Ақпарат көзінің мәліметінше, егер мәселе жақын күндері шешімін таппаса, «Астана» ойыншылары алдағы «Ұлытаумен» өтетін матчқа қатысудан бас тартуы мүмкін.

Қаржылық және басқарушылық дағдарыс елордалық клуб үшін үлкен сын болып тұр.