28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Максим Самородовтың командасы жоғарғы дивизионда қалу үшін ойын өткізеді

Максим Самородовтың командасы жоғарғы дивизионда қалу үшін ойын өткізеді

Бүгін, 28 мамыр күні Екатеринбургтің «Урал» және Грозныйдың «Ахмат» командалары арасында Ресей Премьер-Лигасына (РПЛ) жолдама беретін алғашқы плей-офф кездесуі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Ойын Екатеринбург қаласындағы «Екатеринбург Арена» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Жауапты ойын 31 мамыр, сенбі күні Грозныйда өтеді.

2024/25 жылғы маусым қорытындысы бойынша, «Ахмат» РПЛ-да 14-орынға тұрақтаса, «Урал» Ресейдің Бірінші лигасында 4-орын алған.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол Ресей Премьер-Лигасында 24 матч өткізіп, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.