Оқу уақыты: 1 мин

Максим Самородовқа РПЛ-дың үш топ клубы қызығушылық танытуда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Максим Самородовқа РПЛ-дың үш топ клубы қызығушылық танытуда

Қазақстан құрамасының 22 жастағы шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасының үш бірдей клубының назарында. «Серый CARDINAL» телеграм-арнасының мәліметінше, футболшыны мәскеулік «Спартак» пен «Динамо», сондай-ақ «Краснодар» өз қатарына қосуды көздеп отыр.

Әзірге ресми ұсыныстар туралы ақпарат жоқ, бірақ Самородовтың талантын ескерсек, оның РПЛ-ға ауысу мүмкіндігі жоғары.