10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Максим Самородов ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыспайды

Максим Самородов ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыспайды

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өтетін Босния және Герцоговинамен ойынға қатыса алмайды.

Қазіргі уақытта Лихтенштейнге қарсы өтіп жатқан матч барысында Самородов сары қағаз алды. Бұл оның іріктеу кезеңіндегі бірнеше ескертуінің бірі болғандықтан, келесі маңызды кездесуге қатысу құқығынан айырылды. Алдағы матч 13 қазанда өтеді.

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен ойында 2:0 есебімен алда келеді. Алғашқы голды 26-минутта Ғалымжан Кенжебек соқса, араға екі минут салып, 28-минутта Бахтиёр Зайнутдинов есепті еселеді.