26.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Максим Самородов «Ақтөбенің» келешегі туралы пікір білдірді

Sportnews.kz мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ақтөбенің» алдағы маусымдағы болашағы жайлы ойымен бөлісті.

— Өкінішке орай, «Ақтөбе» Суперкубокта «Қайратқа» жол берді, бұл маған ауыр тиді. Шынын айтсам, ойынды соңына дейін көре алмадым, жүйкем шыдамады. Жалпы, оларға мақсаттарына жетуді тілеймін. «Ақтөбе» әрдайым биіктен көрінуі керек. Команданың бәрі сәтті болады деп үміттенемін, — деді Самородов.

Айта кетейік, жақында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Лихтенштейнді сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді. Осы кездесуде Максим Самородов голдардың бірін соқты.