19.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Максим Самородов «Ахмат» сапындағы алғашқы голын соқты

 

Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Максим Самородов Ресей кубогы аясында өткен «Пари Нижний Новгород» командасына қарсы ойынның 9-минутында дебюттық голын соқты.

Еске салайық, Максим Самородов биыл жазда «Ақтөбе» клубынан «Ахмат» қатарына ауысты. Ойыншыны сол кездегі бапкер Магомед Адиев алдыртқан. Алайда, Самородов барған уақытта Адиевтің өзі команда сапынан кетіп қалды.