20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Макгрегор UFC-дегі Порьенің қоштасу жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Макгрегор UFC-дегі Порьенің қоштасу жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор UFC 318 турниріндегі Дастин Порье мен Макс Холлоуэй арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Home of Fight.

Біз компаниядағы жақсы жауынгерлерді құрметтейміз, ал бұл екеуі – дәл сондай! Нағыз жауынгерлер. Керемет жекпе-жек, жігіттер, браво. Жаның жәннатта болсын, бұршақ бас!

Макс Холлоуэй кештің басты оқиғасында Дастин Порьені жеңді – бұл жекпе-жек UFC-де 14 жыл өнер көрсеткен Порье мансабындағы соңғы кездесу болды.