17.12.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Макгрегор Логан Полмен шығуы мүмкін

Championat.com порталының хабарлауынша, екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор жақын арада жекпе-жек өнеріне қайта оралуы мүмкін, бірақ бұл жолы октагонда емес.

Ирландиялық спортшы Ілияс Топуриямен болмақ жекпе-жек туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Оның орнына, Макгрегор американдық влогер Логан Полмен Үндістанда өтетін көрме бокс жекпе-жегін өткізуге келісім бергенін мәлімдеді.

«Топуриямен жекпе-жек туралы қауесет шындыққа жанаспайды. Мен Амбани отбасына Үндістанда өтетін бокс шоуында Логан Полмен кездесуге алдын ала келісім бердім. Содан кейін октагонға оралуға тырысамын», – деп жазды Макгрегор өз X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Макгрегор октагонда соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде UFC 264 турнирінде өнер көрсетті. Сол кезде ол Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте аяғынан жарақат алып, техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Ирландиялық жауынгер жекпе-жек әлеміне қайта оралуға ниетті. Алдымен ол бұл жолды бокс рингі арқылы бастамақ, содан кейін UFC торына оралуды жоспарлап отыр.