04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Майкл Кэррик «Мидлсбро» бапкерлік қызметінен кетті

Майкл Кэррик «Мидлсбро» бапкерлік қызметінен кетті

«Мидлсбро» ресми сайтының хабарлауынша, Майкл Кэррик команданың бас бапкері қызметінен босатылды — онымен бірге көмекшілері Джонатан Вудгейт пен Грэм Кэррик те клубтан кетті.

43 жастағы маман 2022 жылдың күзінен бері команданы басқарған — оның жетекшілігімен ұжым соңғы Чемпионшип маусымын 64 ұпаймен турнир кестесінің 10-орнында аяқтады.