10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Махмұд Сабырхан жартылай финалда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Махмұд Сабырхан жартылай финалда

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында әлем чемпионы, 55 кг салмақтағы қазақстандық Махмұд Сабырхан жапониялық Руи Ямагучимен жұдырықтасып, барлық раундта басым болып, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді.

Жекпе-жек өте жоғары қарқында өтті. Сабырхан тактикалық және жылдамдық артықшылығын толық пайдаланıp, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Айта кетейік, қос боксшы бұған дейін Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінің финалында жолығуы керек еді, бірақ Ямагучи жарақатына байланысты рингке шыға алмаған.

Енді жерлесіміз 13 қыркүйекте жартылай финалда қытайлық Чуанг Люмен кездеседі.