05.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Махмұд Сабырхан кәсіпқой рингтегі дебютін жарқын жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Махмұд Сабырхан кәсіпқой рингтегі дебютін жарқын жеңіспен бастады

Астанада өткен бокс кешінде Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Қарсыласы — Вьетнамдық Данг Дак.

Бірінші раундта Махмұд қарсыласын нокдаунға түсірді. Екінші раундта тағы екі рет тізерлетіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Сабырхан кәсіпқой мансабын техникалық нокаутпен жеңіспен бастады.