03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Махмұд Сабырхан филипиндік боксшыны жеңіп, жартылай финалға өтті

Махмұд Сабырхан филипиндік боксшыны жеңіп, жартылай финалға өтті

World boxing ұйымдастыруымен Астанада өтіп жатқан Әлем Кубогы турнирі жалғасуда, — деп хабарлайды Спорт Пульс.

55 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Махмұд Сабырхан 1/4 финалда Аорон Жуд Бадлоны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Қос боксшыға да төреші нокдаун ашты. Алайда қарсыласының үш рет нокдаун алуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды.

Айта кетейік, Махмұд алғашқы кезеңде оңтүстік кореялық Шин Джиёнді екінші раундта нокдаунға түсіріп, жеңіске жеткен болатын.