13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалына шықты

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан финалға жолдама алды.

Жартылай финалда отандасымыз қытайлық Лю Чуанмен қолғап түйістіріп, айқын басымдық танытты. Төрешілердің барлығы Сабырханның пайдасына шешім шығарды. Кездесу 5:0 есебімен аяқталып, қазақстандық боксшы финалға шықты.