17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Махачев Жубаназардың жеңілісін видеоға түсіріп, пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Махачев Жубаназардың жеңілісін видеоға түсіріп, пікір білдірді

UFC чемпионы және P4P рейтингінің көшбасшысы Ислам Махачев дзюдодан 2025 жылы Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Абылайхан Жубаназардың жекпе-жегінен видео жариялады.

Махачев турнирге жеке қатысып, 81 келіге дейінгі салмақта өткен 1/8 финал кездесуін өзі видеоға түсірген. Бұл жекпе-жекте Жубаназар қазіргі Еуропа чемпионы ресейлік Тимур Арбузовпен белдесті.

— Бұл нағыз алыптардың шайқасы болды. Бүгін Тимур жеңіске жетті. Жарайсың, құттықтаймын, — деді Махачев өзінің Instagram парақшасында.

Схватка ресейлік спортшының мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды. Ал қазақстандық Абылайхан Жубаназар 1/8 финал сатысында жарысты тоқтатып, жүлде үшін күресе алмады.

Әзірге Қазақстан құрамасы үшін ең үздік нәтиже — Абиба Әбужақынованың күміс жүлдесі. Әйелдер командасының көшбасшысы өз салмағында финалға дейін жетіп, әлемнің вице-чемпионы атанды.