22.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Магомед Анкалаев Джон Джонсты жекпе-жекке шақырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Магомед Анкалаев ауыр салмақтағы чемпион Джон Джонсты өзімен кездесуге шақырды. Ол америкалық файтерді британдық Том Аспиналмен жекпе-жектен қашып жүр деп айыптады.

«Балапан Джонс Том Аспиналмен жұдырықтасқысы келмейді. Жартылай ауыр салмаққа қайта оралып, менімен – Үлкен Анкпен жекпе-жек өткізсін. Жетеді, қашпа!» – деп жазды Анкалаев әлеуметтік желілерде.

Сонымен қатар, ол Джон Джонсты балапанға теңейтін өңделген сурет жариялады. Онда Джонстың басы балапанның денесіне қосылып, «Том Аспиналл ештеңе дәлелдеген жоқ, ол ештеңе жасаған жоқ» деген сөздерді айтып тұрғандай көрінеді.

Анкалаев UFC чемпиондық белбеуін 9 наурызда Лас-Вегаста өткен UFC 313 турнирінде Алекс Перейраны ұпай санымен жеңіп иеленді.

Ал Джон Джонс соңғы рет 2024 жылдың қарашасында UFC 309 турнирінде Стипе Миочичті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалған болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!