Оқу уақыты: 1 мин

Мадс Педерсен Джиро д’Италияның үшінші кезеңін жеңіп алды

Мадс Педерсен Джиро д’Италияның үшінші кезеңін жеңіп алды

Влёра — Влёр бағытындағы 160 шақырымдық Джиро д’Италияның үшінші кезеңінің жеңімпазы — Lidl-Trek командасының өкілі Мадс Педерсен.

Кезең жүлдегерлері: Israel-Premier Tech командасынан Корбин Стронг — екінші орын, Movistar-дан Орлуис Аулар — үшінші орын.

«Астана» командасының велошабандоздары көрсеткен нәтижелер:

  • Кристиан Скарони — 9-шы орын
  • Диего Улисси — 31-ші орын
  • Лоренцо Фортунато — 67-ші орын
  • Ваут Пулс — 72-ші орын
  • Фаусто Маснада — 94-ші орын (+6:23)
  • Макс Кантер — 133-ші орын (+15:39)
  • Антон Кузьмин — 147-ші орын (+16:46)

Көпкүндік жарыстың жалпы есебінде Мадс Педерсен көш бастап тұр — оның уақыты 7:42:10. Екінші орында Red Bull-BORA-hansgrohe командасының өкілі Примож Роглич 9 секунд қалып келеді, үшінші орында Lidl-Trek командасынан Матиас Вацек — көшбасшыдан 14 секунд артта.