Оқу уақыты: 1 мин

Мадридтік «Реалдың» тағы бір ойыншысы қатардан шықты

Мадридтік «Реалдың» тағы бір ойыншысы қатардан шықты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Эндрик оң аяғының тізе асты сіңірін зақымдап, қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық футболшы бұл жарақатты Ла Лиганың 37-турында «Севильяға» қарсы өткен ойында (2:0) алған.

Клубтың ресми мәліметінше, Эндрик 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмайды. 2024 жылы «Реал» сапына қосылған жас шабуылшы осы маусымда 37 матчта алаңға шығып, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

«Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатында H тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары — Сауд Арабиясының «Әл-Хиләлі», Мексиканың «Пачукасы» және Аустрияның «Ред Булл Зальцбургы»