Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Мадридтік «Реал» «жыл командасы» атанды

«Реал Мадрид» Laureus нұсқасы бойынша «жыл командасы» марапатының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Салтанатты шара 21 сәуірде Испания астанасында өтті. Бұл атақ үшін финалдық кезеңде келесі ұжымдар бәсекеге түсті:

  • «Бостон Селтикс» (баскетбол, АҚШ);
  • «Барселона» әйелдер командасы (Испания);
  • McLaren автоспорт командасы (Ұлыбритания);
  • Испанияның ерлер құрамасы (футбол);
  • АҚШ ерлер құрамасы (баскетбол).

Патшалық клуб өткен жылғы жетістіктері үшін арнайы марапатқа ие болды.

2024 жылы Ла Лига, ЧЛ, Клубтар арасындағы ӘЧ чемпионы атанған болатын.