Оқу уақыты: 1 мин

Мадридтегі топ турнирдің барлық жартылай финалистері анықталды

Мадридтегі топ турнирдің барлық жартылай финалистері анықталды

Бүгін, 1 мамырда Мадридте (Испания) WTA 1000 турнирінде ширек финалдық кездесулер аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда келесі спортшылар кездеседі:

Арина Соболенко (Беларусь) — Элина Свитолина (Украина);

Ига Швёнтек (Польша) — Кори Гауфф (АҚШ).

WTA-1000 турнирі 22 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы — польшалық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек. Турнирге қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да қатысты, бірақ ол үшінші айналымда Свитолинадан жеңіліп қалды.