Оқу уақыты: 1 мин

Люк Шоу «Манчестер Юнайтедтің» болашағы туралы айтып, жанкүйерлерден кешірім сұрады

Люк Шоу «Манчестер Юнайтедтің» болашағы туралы айтып, жанкүйерлерден кешірім сұрады

Sky Sports мәліметінше, қорғаушы Люк Шоу тарихындағы ең қиын маусымдардың бірін бастан кешіріп жатқан «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері ретінде Рубен Аморимге толық қолдау көрсетті.

«Рубен — бұл қызметке 100 пайыз лайықты адам. Ол бұл клубта не істеу керектігін біледі және мен оның жағдайды өзгертіп, «Манчестерді» шыңға қайтару үшін бәрін жасайтынына сенемін», — деді Шоу.

«Биылғы маусымда жанкүйерлер осының бәрін бастан өткергені үшін өте өкінішті. Біз көрсетуіміз керек деңгейге жақын да емеспіз, сол үшін тек кешірім сұрай аламын», — деп қосты қорғаушы.

«Манчестер Юнайтед» 1973/74 маусымынан бері алғаш рет бір маусымда 20 жеңілісті бастан кешірді — бұл көрсеткіш соңғы рет клубтың жоғары дивизионнан түсіп қалуына әкелген болатын.