08.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лукашенко Минскідегі жаңа стадион жанына Си Цзиньпиннің ескерткішін орнатуды ұсынды

Лукашенко Минскідегі жаңа стадион жанына Си Цзиньпиннің ескерткішін орнатуды ұсынды

Беларусь президентінің сайты хабарлағандай, Александр Лукашенко ҚХР-дың қолдауымен салынған Минскідегі Ұлттық футбол стадионының ашылу салтанатына қатысты.

Беларусь және қытай футболшыларының бейнесі орнатылған стадион кіреберісінде мемлекет басшысы ҚХР төрағасына ескерткіш орнату идеясын айтты.

Досым Си Цзиньпинге осында ескерткіш қою орынды болар еді — қытайлықтар бұл стадионды өз қаражатына тек соның арқасында салды. Министр айтқандай, мұндай нысан Еуропада санаулы

Александр Лукашенко атап өткендей — жаңа арена мен халықаралық деңгейдегі бассейн қытайлық әріптестермен ынтымақтастықтың нәтижесі болды. Оның айтуынша, стадион беларусь-қытай достығының нышанына және халықаралық матчтар өткізілетін алаңға айналады.