07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лука Модрич тамыз айында «Милан» сапына қосылады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Лука Модрич тамыз айында «Милан» сапына қосылады

«Милан» клубының бас бапкері Массимилиано Аллегри хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич жақын арада команданың ойыншысы атанатынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты журналист Фабрицио Романо таратты.

«Біз Лука бізге тамызда қосылады деп күтіп отырмыз», — деді Аллегри.

Бұған дейін «Миланның» спорт директоры Игли Таре де Модричпен келісім жасалуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қазіргі таңда 39 жастағы футболшы Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысып жатыр. Турнир аяқталғаннан кейін ол «Реалдан» кетіп, ресми түрде италиялық клубқа ауысады.

Лука Модрич Мадридтің «Реал» сапында 500-ден аса матч өткізіп, 28 трофейге қол жеткізген. Оның ішінде алты мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды. 2018 жылы Хорватия құрамасымен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, турнирдің үздік ойыншысы деп танылған.