10.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лука Дончич 2 миллион долларлық гиперкарына кіре алмады

Лука Дончич 2 миллион долларлық гиперкарына кіре алмады

198 сантиметрлік баскетболшы Лука Дончич ыңғайсыз жағдайға тап болды — спортшы өз көлігіне кіре алмады.

Әлеуметтік желілерде НБА жұлдызы өзінің Rimac Nevera гиперкарының есігін ашуға тырысқан видео тарады — жанында тұрған көлік кедергі келтірді.

Айта кетерлігі, Дончич жақында ғана бұл қымбат көлікті 2 миллион долларға сатып алған болатын.