09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Луис Суарес тағы да шеттетілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Луис Суарес тағы да шеттетілді

Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес MLS-тің үш матчына қатыспайды. Ол «Сиэтл Саундерс» өкіліне түкіргені үшін жазаланды.

Осыған байланысты Суарес «Шарлот», «Сиэтл Саундерс» және «ДС Юнайтедке» қарсы кездесулерді өткізіп алады.

Айта кетейік, бұған дейін ол Лигалар кубогында да алты ойыннан шеттетілген болатын.