01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Луис Энрике қос клубпен требл жасаған екінші бапкер атанды

Луис Энрике қос клубпен требл жасаған екінші бапкер атанды

2025 жылғы Чемпиондар лигасында «Пари Сен-Жерменнің» жеңісі клуб тарихындағы алғашқы еуротриумф қана емес, бас бапкер Луис Энрике үшін де ерекше жетістік болды.

Испаниялық маман екі түрлі командамен требл жасаған футбол тарихындағы екінші жаттықтырушы атанды. Ол бұған дейін 2015 жылы «Барселонамен» Ла Лига, Испания Кубогы және Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Енді араға он жыл салып, дәл осы жетістігін ПСЖ-мен қайталады — Франция чемпионаты, Кубогы және Еуропа басты кубогы.

Бұған дейін мұндай жетістікке тек Хосеп Гвардиола қол жеткізген еді. Ол «Барселонамен» 2008/09 маусымында, ал «Манчестер Ситимен» 2022/23 маусымында требл жасаған болатын.