11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Луис Диас «Ливерпульден» «Баварияға» ауысуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Луис Диас «Ливерпульден» «Баварияға» ауысуы мүмкін

Мюнхеннің «Бавария» клубы «Ливерпульдің» шабуылшысы Луис Диасқа ресми трансферлік ұсыныс жасады. Bild басылымының мәліметінше, неміс алпауыттары колумбиялық ойыншы үшін 52 миллион еуро (шамамен 45 млн фунт) төлеуге дайын.

Бұл жазда «Барселона» да Диасқа қызығушылық білдірген, алайда «Ливерпуль» оны сатуға ниетті емес екенін мәлімдеген болатын. Соған қарамастан, «Бавария» өз бағын сынап көруді жөн көріп отыр, әрі ақпарат көздерінің айтуынша, Луис Диастың өзі Бундеслига чемпионының қатарына қосылуға қарсы емес. Бұл жағдай мюнхендік клубтың келісімді сәтті аяқтауға деген сенімін арттыра түсті.

Қазір Диас 28 жаста. Ол «Ливерпульмен» жасасқан келісімшарттың соңғы екі жылын өткеріп жатыр. Бұл «қызылдар» үшін ойыншыны жақсы бағамен сатып, трансферлік терезедегі шығындарын аздап болса да өтеп алуға мүмкіндік беретін сәт болуы мүмкін.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!