10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Луиш Мата «Ордабасыға» қарсы ойын туралы ойымен бөлісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қайраттың» қорғаушысы Луиш Мата Қазақстан Премьер-лигасының екінші турындағы «Ордабасыға» қарсы матч нәтижелерін қорытындылады.

«Бұл қиын ойын болды. Біз 4:0 есебімен жеңіске жеттік, бірақ оңай болмады. Қарсылас ойынның басын жақсы бастады. Бірінші гол соққаннан кейін бізге жеңілдеу болды. Екінші таймда олар допқа көбірек ие болды, ал біз үш гол айырмасымен алда болдық және қарымта шабуылдарда ойнадық. Төртінші голды соғып, ойынды аяқтадық. Бұл қиын матчта маңызды жеңіс болды», — деді Мата.

Еске салайық, «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ордабасыны» өз алаңында 4:0 есебімен ойсырата жеңді.