Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Луис Гуруле UFC-дегі дебютіне дайындалуда

Жеңілмеген америкалық файтер Луис Гуруле Дана Уайттың үміткерлер сериясында Ник Пиччининиді жеңіп, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізген сәті туралы айтты.

 «Ниет болса — жол табылады. Мен жекпе-жекке емес, салмақ түсіруге көбірек алаңдадым», — дейді Гуруле. Ол жекпе-жек алдында 8 күн ішінде 12 келі салмақ тастаған.

Енді 31 жастағы жауынгер өзінің UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 5 сәуірде Оде Осборнға қарсы өткізеді. Бұл жолы ол толыққанды жаттығу лагерімен дайындалып жатыр. Гуруле жаттығуларын UFC файтерлері Брэндон Ройвал және Александр Эрнандеспен бірге өткізуде.

«Менің мақсатым — тек UFC-ге түсу емес, сонда табысқа жету және ақырында белбеуді иелену. Сондықтан бұл лагерь бұрынғысынан да қарқынды, жауапкершілігі жоғары», — деді ол.

UFC-мен келісімшартқа дейін Гуруле аймақтық деңгейде тоғыз жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның алтауы мерзімінен бұрын аяқталған.

Қызығы, үміткерлер сериясындағы жекпе-жек туралы ол пицца жеп отырғанда естіген екен:

«Әрине, мен пиццаны жеп бітірдім. Жекпе-жек алдындағы соңғы дәмді тағамым болсын дедім», — деп еске алады ол күлімсіреп.