20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Луис Диас жазда «Барселонаға» ауысқысы келетінін білдірді

El Chiringuito TV мәліметі бойынша,  колумбиялық футболшы Луис Диас «Барселонаға» ауысу мәселесінде бастама көрсетті.

«Ливерпульдің» 28 жастағы шабуылшысы (2027-ші жылға дейін келісім-шарты бар) өз өкілі арқылы көк-қызыл түстілердің спорт директоры — Декоға өз тілегін жеткізген.

Каталон клубы өз кезегінде шабуылдың сол қанатын күшейтуді қарастыруда. Сонымен қатар Диас команданың әлеуетті жаңа ойыншылары тізіміне кіреді. Ағымдағы маусымда колумбиялықтың нәтижелілігі әсерлі — мерсисайд командасы үшін 35 ойында 13 гол соғып 2 голдық пас берген.