13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Лозанна» бапкері «Астананың» қауіп төндіретін ойыншыларын атады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Лозанна» бапкері «Астананың» қауіп төндіретін ойыншыларын атады

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойын алдында «Лозанна» бас бапкері Петер Цайдлер матчқа дайындық жайлы пікір білдірді. Ол «Астананы» жан-жақты зерттегендерін және қарсыластың  құрамы мықты екенін атап өтті.

— Қарсылас өте мықты. Шабуылда да, жартылай қорғаныста да ойын тағдырын өзгерте алатын, жеке шеберлігі жоғары ойыншылар жеткілікті, — деді Цайдлер.

Бапкер әсіресе хорватиялық қорғаушы Карло Бартолецті, шабуыл шебіндегі Усман Камараны және нигериялық форвард Чинедуды ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл футболшылар матч нәтижесіне елеулі ықпал етуі мүмкін.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!