29.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лорен Джеймс үш айлық үзілістен кейін Англия құрамасына оралды

Лорен Джеймс үш айлық үзілістен кейін Англия құрамасына оралды

BBC Sport хабарлауынша, «Челси» шабуылшысы Лорен Джеймс Англия құрамасына оралды — ол Ямайкаға қарсы жолдастық кездесуге қатыса алады.

23 жастағы футболшы тізе сіңірінің жарақатына байланысты сәуір айынан бері алаңға шыққан жоқ. Ағылшын қыздарының бас бапкері Сарина Вигман Джеймсті жексенбідегі матчта қосалқы құрамнан шығаруды жоспарлап отыр.

«Біз ойын уақытын бақылауымыз керек. Оның қазір жағдайы жақсы, бірақ әлі матчтарға қатысқан жоқ. Ол ауыстыруға шығады — осылайша біз жүктемені реттей аламыз», — деді Вигман.

Англия құрамасының қорғаушысы Джесс Картер командаласының формасын жоғары бағалады: «Ол жаңа ойыншы сияқты оралды. Сергек әрі жылдам көрінеді. Турнирде онымен ойнайтындарға сәттілік тілеймін».

Еске сала кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Джеймс үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Англия құрамасы Еуропа чемпиондығын қорғауды 5 шілдеде Швейцарияда Францияға қарсы матчпен бастайды.