21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лондондық клуб Савиоға 80 миллион еуро төлеуге дайын

Лондондық клуб Савиоға 80 миллион еуро төлеуге дайын

Лондон клубы 21 жастағы бразилиялық шабуылшыға қатысты жаңа ұсыныс дайындауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Трансфер құны 80 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін.

Бұған дейін «Манчестер Сити» футболшыны 70 миллион еуроға сатудан бас тартқан еді. Қазіргі уақытта келіссөздер агенттер арқылы жүргізілуде, алайда «Сити» ойыншысын босатқысы келмейтіндіктен процесс күрделі болып тұр.

Өткен маусымда Савио Англия Премьер-лигасында 29 матч өткізіп, 1 гол соғып және 8 нәтижелі пас берген.