02.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ломакин Тайбэйдегі турнирдің іріктеуінде ұтылды

Ломакин Тайбэйдегі турнирдің іріктеуінде ұтылды

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (#974) Тайбэй турнирінің іріктеу кезеңінің басында күтпеген жерден үндістандық қарсыласы Дигвижай Сингхтен (#1089) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сингх тәжірибелі қазақстандықты 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Матч бір жарым сағатқа созылды.

Осылайша, үндістандық теннисші Челленджер іріктеу финалына жолдама алды.