14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ломаченконың менеджері чемпионның денсаулығы мен болашағы туралы айтты

Tribuna.com мәліметі бойынша, IBF және IBO жеңіл салмақтағы украиналық чемпионы Василий Ломаченконың (18-3, 12 КО) менеджері Эгис Климас чемпионның қазіргі жағдайы туралы жаңалықтармен бөлісті.

«Ломаченконың жағдайы жақсарды ол қазір қозғалып физиотерапиямен айналысуда» — деді Климас.

Боксшының менеджері хабарлағандай жақын арада Василий Украинада арқасына МРТ-тексеруден өтуі тиіс. Оның нәтижелері биылғы мансаптық келешегі үшін шешуші болмақ.

Жағдайға байланысты IBF Ломаченкоға арнайы медициналық ерекшелік берді, бұл чемпиондық атақты сақтауға сондай-ақ, уақытша белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ESPN инсайдері Майк Коппингердің мәліметі бойынша украиналық боксшы кәсіби мансабын аяқтау нұсқасын қарастыруда.