Оқу уақыты: 1 мин

Локомотив басшылығы Тикнизянның клубтан кету ниетіне пікір білдірді

Локомотив басшылығы Тикнизянның клубтан кету ниетіне пікір білдірді

Мәскеулік «Локомотивтің» директорлар кеңесінің мүшесі Валерий Филатов қорғаушы Наир Тикнизянның жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Р-Спорт.

Футболшының жазғы трансфер терезесінде клубтан кету ниетін жариялағаннан кейін, теміржолшылар басшылығы ойыншыға тәртіптік шаралар қолданбауға шешім қабылдады.

«Оның эмоциялық мәлімдемесіне қалыпты қараймын. Шамасы, шешім кенеттен қабылданған. Жігіттің ішінде жиналып қалған – не айтарсың! Ол жай ғана ойын айтты», – деді Филатов.

Басшылық өкілі сондай-ақ қорғаушының чемпионаттың соңғы тур ойындарынан шеттетілмейтінін растады.