Оқу уақыты: 1 мин

«Локомотив» алғаш рет Гагарин кубогын жеңіп алды

«Локомотив» алғаш рет Гагарин кубогын жеңіп алды

21 мамыр күні Ярославль қаласында Гагарин кубогының финалдық сериясының бесінші ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Локомотив» пен «Трактор» командалары арасындағы тартысты матчтың жеңімпазы негізгі уақытта анықталмады. Овертаймға дейін жалғасқан матчтың есебі — 2:1.

Бұл жеңіс «Локомотив» үшін ерекше маңызға ие. Команда серияда қатарынан төртінші рет жеңіске жетіп, тарихында алғаш рет Гагарин кубогының иегері атанды. Бұған дейін бірнеше мәрте шешуші сәттерге дейін жеткенімен, ярославльдік ұжым алғаш рет басты трофейге бүгін ғана қол жеткізді.

Команданың бас бапкері Игорь Никитин үшін бұл мансабындағы екінші кубок. 2019 жылы ол ЦСКА командасымен де жеңіс тұғырына көтерілген еді. Айта кетейік, Никитин — Өскемен қаласының тумасы .