16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ливерпульдің бұрынғы капитаны Хендерсон Брентфордтың ойыншысы атанды

Ливерпульдің бұрынғы капитаны Хендерсон Брентфордтың ойыншысы атанды

«Брентфордтың» ресми сайтының мәліметі бойынша, клуб Джордан Хендерсонмен келісімшартқа отырды — «Ливерпульдің» бұрынғы капитаны командаға еркін агент ретінде қосылды.

35 жастағы жартылай қорғаушы лондондық клубпен екі жылдық келісімге қол қойды — бұған дейін ол соңғы жарты жыл бойы амстердамдық «Аякста» өнер көрсетті.

Хендерсон нидерландтық клубпен келісімшартын бірнеше күн бұрын бұзды — енді тәжірибелі футболшы Ағылшын Премьер-лигасында қайта күш сынап көреді.