26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» Жотаның отбасына келісімшарттағы барлық қаражатты төледі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ливерпуль» Жотаның отбасына келісімшарттағы барлық қаражатты төледі

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот португалиялық шабуылшы Диогу Жотаның қайғылы қазасынан кейін клуб оның отбасына келісімшарт бойынша барлық төлемдерді толық көлемде жасағанын растады.

Еске сала кетейік, шілде айының басында футболшы Испанияда болған жол апатында ағасы Андре Силвамен бірге қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Жотаның үйлену тойынан небәрі 11 күн өткен соң орын алған.

Слоттың айтуынша, клубтың америкалық қожайындары марқұмның жұбайы мен балаларына барынша қолдау білдіріп, келісімшарттағы қалған қаражатты толық өтеген.
«Көбіне клуб иелері мен бапкерлерді сынап жатады. Бірақ олардың бұл шешімі – құрметке лайық қадам. Көпшілік мұндай жағдайлар футболда әрқашан бола береді деп ойлайды, алайда олай емес», – деді Слот TNT Sports-қа берген сұхбатында.

Сонымен қатар, бапкер бұл трагедияның клуб пен қала атмосферасына қатты әсер еткенін айтты. Оның сөзінше, «Ливерпуль» жанкүйерлері үлкен адамгершілік танытып, стадионға гүл қойып, арнайы мемориалдар ұйымдастырған. «Ойыншылар да, жанкүйерлер де Жотаның отбасына қолдау білдірді. Бұл сәттерді еске алсам, әлі де толқимын», – деп түйіндеді Слот.